События школ Ввернуться назад

Январь 03

Тәуелсіздік және Астана (2017-12-13 15:00:00)

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта  мектебі»КММ  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толуына байланысты және желтоқсан құрбандарын еске мақсатында мектеп ішілік іс-шара жоспары жасалып 1-4 сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің ұлы –өжет, қызы  қайратты, қаһарман» тақырбында ашық тәрбие сағаттары, 5-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздік және Астана» тақырыбында мектепішілік  сазды концерттік бағдарлама өткізілді. Өткізліген іс-шаралар мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,    елміздің тарихына  тарихи шолу жасау. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жыл  ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

Бастауыш сыныптар арасында өткізілген тәрбие сағатарында «Ойқозғау»  әдісі бойынша  қазақстан қандай мемлекет? Демократиялы, зайырлы, құқықты, көпұлтты, әлеуметті, біртұтас мемлекет екендігіне тоқталып өтті.«Қазақстан кеше , бүгін, ертең..»   атты тақырыпта презентация қорғау арқылы оқушылар Қазақстананың  кешегі күніне, жонғар шапқыншылығы,ашаршылық,репрессия, ұлы отан соғысы, Желтоқсан көтерлісіне тарихи шолу жасады. Сонымен бірге Қазақстанның бүгіні мен ертеңгі қазақстан қалай болады оқушылар пастер арқылы қорғады. Өткізілген іс-шаралардан  Тәуелсіз еліміз дамыған өркениетті 30 елдің қатарына енуіміз   және ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларына сіңіріп өз жерін  мен елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті ұрпақ болып өсулеріне бағыт бағдар алды.

5-11 сыныптар арасында «Тәуелсізідк және Астана» тақырбында мектепішілік мерекелік бағдарлама  өткізіліп,онда тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жетістігіне  тоқталып өтті. Мәдени іс-шарада тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдарға бейне ролик арқылы шолу жасалды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне тәрбие ісінің меңгерушісі Саметекова Ж.Б. қысқаша шолу жасап «Желтоқсан желі»  бейне ролик көрсетіліп, желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алды.

  Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімізді театрланған көрніс түрінде көрсетті.Атап айтқанда 7 «а» сыныбы Семей ядролық полигонның жабылуы жайында сахналық көрніс көрсетсе,   6 сыныптар  Тоқтар Әубәкіровтың «СоюзТМ-13» ғарыш кемесімен  ғарышқа ұшу сәтін, 5 сыныптар Астананың Қазақстанның мақтанышына айналғанын, 9 сыныптар Тәуелсіздік алғаннан кейінгі спортттағы жетістіктер туралы, 10 сыныптар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін, 7 «б» сыныбы   елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы бойынша слайд жасап,оның ішінде шығыс қазақстан облысы бойынша  жобаға енген 10 адамды және үржар ауданынан жобаға енген   Қуаныш Жумабеков пен Ержан Жұмабектің өмір баяндары толық таныстырылып дәріптелді. 8 сыныптар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында флешмоб көрсетілді.

Кітаханашы  Абдрахманова Б.М. ұйымдастыруымен « Тәуелсіз елім –тірегім»  тақырбында кітап көрмесі қойылды.

«Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырбында оқушылардың өз шығармашылығынан шығарған өлеңдері дәріптеліп, нәтижесінде 5 сынып оқушысы Адал Маулена, Слям Алтынай мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды. Технология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  сурет, қолөнер  көрмесі қойылды. Белсенділік танытқан  7 «б»     6 «а»,   5 «а» ,5 «б» сыныптары марапаталды. Оқушылар жиынында  өткізілген іс-шара қорытындысы  айтылды.